«Б.Момышұлы атындағы  жалпы  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 ЖАЛПЫ ТАРИХЫ

1935 жылы Асан ауылында Асан  бастауыш мектебі  болып ашылды.

1954-1955  жылдары  М.Горький  атындағы жеті  жылдық мектеп болып ірілендірілді.

1957-1958 жылдары  қайтадан бастауыш сынып  болды.

1981-1982 жылдары мектеп қайтадан М.Горький атындағы сегіз жылдық мектеп болып  ірілендірілді.

1992  жылы 9 шілдеде  аудан  әкімінің  шешімімен М.Горький атындағы орталау  мектебіне қазақтың қаһарман батыр ұлы  Бауыржан Момышұлының  есімі  берілді.

Атырау облысы Құрманғазы ауданың әкімінің   шешімімен 1999-2000 оқу жылында орта мектеп /11 жылдық/ болып қайта құрылды.

2006 жылы 120 орындық жаңа үлгідегі мектеп үйі салынды.

 

Мектеп білім  беру үрдісті келесі құжаттар негізінде жүзеге асырады.

 

♦ «Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.Заңды  тұлғаның мемлекеттік атауы «Б.Момышұлы атындағы жалпы  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, орысша атауы Коммунальное государственное учреждение «Общая  средняя  школа имени Б.Момышулы».

♦  2015 жылдың 21 мамыры Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің KZ19LAA №00004903 нөмерлі мемлекеттік лицензия  (Мектепке дейінгі және жалпы орта білім саласында білім беру қызметін жүргізу құқығымен) айналысу.

♦  Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік 29.11.2017 жылы Атырау облысының Әділет Департаменті, Құрманғазы аудандық Әділет басқармасымен берілген тіркеу нөмері №66-1915-03-ММ, бизнес – сәйкестендіру № 001040002444, куәлік серия  В № 0317779.

♦Мектептің  жарғысы Атырау облысының Әділет Департаменті, Құрманғазы аудандық Әділет басқармасының  2017   жылдың 29  қарашасында тіркелген.

 

Мектептің құрылтайшысы-Құрманғазы аудандық білім бөлімі.

 

Заңды мекен жайы:060403 Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Асан  ауылы.

Телефон: 7-30-46

Теле-факс:8712337-30-46

Электронды адрес:asan_baurjan.mom @mail.ru

БИН-001040002444

ИИК-KZ 75070103КSN1503000

КОД - ГУ - 4641383